Ақтау қаласына қарасты Өмірзақ ауылында 28 ақпан күні сағат 11:00-де Ақтау қаласының кәсіпкерлері және ауылдың кәсіппен айналысқысы келетін тұрғындарына «Кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жүрмелі кеңес тобы» жиналыс өткізеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиналыстың негізгі мақсаты - шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау тетіктері (несиелердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау, ішінара кепілдендіру және мемлекеттік гранттар беру), ауыл шаруашылығы бағытындағы бағдарламалар және «Ауыл аманаты» (2,5% несие) бағдарламасы, туризм саласындағы мемлекеттік қолдаулар, балық шаруашылығы бағытындағы бағдарламалар, жастарға арналған шағын несие (2,5%) және мемлекеттік гранттар, қаржылай емес қолдаулар, жастарға берілетін мемлекеттік қолдаулар жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Аталған жиналысқа облыстық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, жастар мәселесі, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, Агронесие корпорациясы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері қатысады.
Өтетін күні: 28.02.2024
Уақыты: 11:00
Мекен жайы: Өмірзақ ауылы, №27 орта мектеп акт залы