Ақтауда коммерциялық нысаны бар аялдамаларға тазалық бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Мониторинг жұмысын қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен учаскелік полиция қызметкерлері жүргізді.
Жалпы қала бойынша 258 әлеуметтік және коммерциялық нысаны бар аялдама бар.
Әлеуметтік аялдамаларды күтіп ұстау жұмыстарын «Компания Строй Инвест 2020» ЖШС жүргізеді. Ал коммерциялық нысаны бар аялдамалардың тазалығына кәсіпкерлер жауапты.
Сондықтан мониторинг жұмыстары барысында мамандар кәсіпкерлерге коммерциялық нысанның бөлек қоқыс контейнері болу керектігін айтты. Аялдамадағы тазалықты сақтамаған кәсіпкерлерге әкімшілік хаттама толтырылды.
-Мониторинг барысында аялдаманың сыртына құрылыс қалдықтары мен қоқыстарды тастаған кәсіп иелеріне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу бойынша ескерту түріндегі әкімшілік хаттама толтырылды. Бөлім тарапынан аялдамалардың тазалығы бойынша мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қала тұрғындары мен қонақтарынан қоршаған ортаға құрметпен қарап, қоқысты арнайы қоқыс жәшігіне тастауды сұрайды,-деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы Арман Төлегенов.