Маңғыстауда үкіметтік емес ұйым жұмысымен айналысатын азаматтық белсенділер марапатталды. Шара 27 ақпанда Достық үйінде Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күніне орай ұйымдастырылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанда үкіметтік емес сектор әлеуметтік мәселелерді шешуде және азаматтық бастамаларды арттыруда мемлекеттің сенімді серіктесі.
Соңғы 5 жылда Маңғыстауда үкіметтік емес ұйымдардың саны 35 пайызға артып, қазіргі таңда саны 800-ден асты.
«ҮЕҰ-ды қолдау үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар мен марапаттар беру сияқты тетіктер енгізілді. Біз азаматтарымызға инвестиция сала отырып, аймағының әлеуметтік міндеттерін жүзеге асыруға үлес қосатын күшті және дамыған қоғамды қалыптастырамыз», - деді Нұрлан Ноғаев.
Жастарға арналған әлеуметтік жобалармен айналысатын ұйымдардың ішінде «Түпқараған жастары» ҮЕҰ ерекше атап өтуге болады. 2023 жылы олар Маңғыстауда жастарға арналған бастамаларды орындау үшін миллион теңге көлемінде грант бөлетін «Zhas Project» жобасын іске асырды. Биыл жоба республикалық деңгейге шығып, Алматы облысында орындалуда. Сондай-ақ былтыр өңірдегі жастар арасында көшбасшылық орта қалыптастыру мақсатында «Жас көшбасшылар мектебі» және жастарды шетелдік тәжірибеге жіберуге бағытталған «Жастар тағылымдамасы» жобаларын сәтті аяқтады.
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Лима Диас 2023 жылы Маңғыстауда тоғыз әлеуметтік салада жұмыс істейтін 30 үкіметтік емес ұйымға жалпы сомасы 330 миллион теңге 43 грант берілгенін атап өтті. Биыл жастар саясаты, мәдениет, білім және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған тағы бірнеше байқау өткізу жоспарлануда.
Нұрлан Ноғаев азаматтық қоғамды дамытуда ҮЕҰ маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында реформаларды жүзеге асыру және мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты орнатуда қоғамдық ұйымдар мен белсенді азаматтарды тарту қажеттігін атап өтті. Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында облыстағы үкіметтік емес ұйымдар білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, жастар саясаты, экология, мәдениет және әлеуметтік кәсіпкерлік салаларында әлеуметтік жобаларды орындап жатыр. Жастар шетелде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алды, азаматтарымыз әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысып, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуде өз идеяларын белсенді түрде атқаруда. Ал мұғалімдер білім берудегі озық тәжірибелерді меңгеруде. Бұл жұмыс мемлекеттік мәселелерді шешу үшін қоғамдық ұйымдардың мүмкіндіктері мен әлеуетін барынша пайдалануға бағытталған», - деді Нұрлан Ноғаев.
Айта кетейік, Маңғыстау облысының ҮЕҰ 520 миллион теңгеден астам сомаға әлеуметтік жобаларды іске асыруға гранттар ала алады.
Байқау бойынша ақпарат Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ресми дереккөзінен (cisc.kz сайтынынан) білуге болады.