Ұлттық ұланның 5548 әскери бөлім сарбаздары Мұнайлы шағынауданында есірткі тұтынған тұрғынды ұстады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Мұнайлы ауданында патрульдік-бекеттік бақылау кезінде әскери наряд бастығы, қатардағы жауынгер Нұрдәулет Сағиев қатардағы жауынгерлер Қырымбек Садық және Әмір Абылаевпен бірге Жаңаөзен қаласының 34 жастағы тұрғынын "Замзам" супермаркетінің жанында тыйым салынған затты тұтынғаны үшін ұстады. "А" есімді азамат әскерилерден жасырынуға тырысқанымен, ұсталды. Полиция қызметкерлерімен бірлескен тексеріс нәтижесінде оның оң жақ қалтасынан ерекше иісі бар өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді.
Құқық бұзушы полиция қызметкерлеріне берілді.
Қырағылық пен кәсібилік танытқаны үшін сарбаздар жоғары тұрған әскери қолбасшылыққа көтермелеуге ұсынылады.