Ақшұқыр ауылының белсенділері Құлсары қаласына 2 жүк көлікпен гуманитарлық көмек жөнелтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудан азаматтары жолдаған гуманитарлық көмекте азық-түліктер, күрек, қажетті құрал-саймандар, кілем, жатын төсек-орындар мен жеке гигиеналық заттар, өзге де қажетті заттар тиелген.
- Осындай кезде бейжай қарамай көмекке келіп жатқан тұрғындарға, кәсіпкерлерге рақмет айтамыз. Біз құлсарылық ағайынмен біргеміз, - дейді ауыл тұрғындары.
Айта кетейік, бұған дейін гуманитарлық көмекті аудан орталығы Форт-Шевченко қаласының азаматтары да жолдаған.