Таушық ауылында орналасқан №234 учаскеге келушілердің бірі Халықаралық спорт шебері, ІІ дүркін әлем чемпионы Азамат Абаев өз таңдауын жасады.
- Баршамыздың мүддеміз, ұстанатын мақсатымыз бір болу керек. Ол елдің ертеңі. Бүгін еріншектік танытпай, иә болмаса сенімсіздік білдірмей өзіміздің саяси еркіндігімізді жасауымыз керек. Дауыс бермей немқұрайлық танытсақ, ол өзімізге сын. Сондықтан, барша маңғыстаулықтарды дауыс беруге шақырамын. Ертең өкінбейтіндей таңдау жасайық, - дейді Азамат Абаев.