Жаңаөзен қаласының әкімі Айбек Қосуақов Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында өз таңдауын жасады. Қала басшысы № 24 мектеп-лицейде орналасқан №77 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.
Айбек Қосуақов бүгін еліміз үшін маңызды күн екенін атап өтіп, өңір тұрғындарын өздерінің Конституциялық құқығын пайдалана отырып, дауыс беруге шақырды.
- Қаламызда 39 сайлау учаскесі ашылды. Бүгін сайлау учаскелерінде жұмыс істейтіндердің бәріне алғысымды білдіремін. Өз дауысымды ел болашағы үшін бердім, - деді Жаңаөзен қаласының әкімі.