Туған күні саяси маңызды күнмен тұспа-тұс келген жаңаөзендіктер де сайлауға белсене қатысуда.
Соның бірі - 50 жасқа толған Жаңаөзен қаласының тұрғыны Болат Артықбаев. Ол туған күнінде сайлау учаскесіне келіп, саяси науқанда өз таңдауын жасады.
Туған күн иесінің айтуынша, сайлауға қатысу – әр азаматтың міндеті және еліміздің болашағы үшін маңызды.
- Бүгін мен үшін де тарихи күн. Осы мүмкіндіктен мен де қалыс қалмай, өз таңдауымды жасауға келдім. Еліміз тыныш, балаларымыз аман, келешегіміз жарқын болсын! - дейді туған күн иесі.