Жаңаөзен қаласы, “Энергетик” спорт кешенінде орналасқан №97 сайлау учаскесінде сайлаушылармен бірге еріп келген балалардың арасында ұлттық ойындарды ойнатты. «Арқан тартыс», «Асық ату», “Гір тасын көтеру”, “ Қол күресі” сияқты ойындарды балалар қуана- қуана ойнады.
Ұлттық ойындар – ерте ғасырдан келе жатқан қазақтың ойын-сауықтарының бірі. Бұл ұлттық ойындардың мән-мағынасы да тереңде жатыр. “ Бүгін ел болашағын айқындайтын шақта балаларымды сайлауды көрсін деп алып келдім. Мен дауыс беріп шыққанша балалар асыр салып ойнап жатыр екен. Еліміздің болашағы жарқын болсын,- дейді қала тұрғыны Баян Еламанова.