Редакциямызға Сайын ауылының тұрғындары ауылда жарық жиі өшетінін, елдімекеннің тоқ жүйесінің нашар екенін айтып шағымданды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сондай-ақ, Маңғыстау облысы әкімдігінің телеграмм платформасында да ауыл тұрғындары 20 ақпан күні тоқ сөнгендіктен бір тұрғынның котелі жарылып, сарайы қирап қалғанын, тоқтың үнемі сөне беруі жалғаса берсе бір күні қиын жағдайға әкеп соқтыратынын, жағдайды реттеп беруін сұрап жазды.
Мәселенің мән жайын Түпқараған ауданы әкімдігінен сұрадық . Аудан әкімдігі хабарлағандай 20 ақпан күні Ақшұқыр, Сайын Шапағатов ауылдарында тоқтың сөнуі орын алған. Тоқ саласы мамандарының тексеру барысында жеке кәсіптік нысандардың КТП-лары (транформаторлар) ауа-райының қолайсыздығына байланысты істен шығып, тұрғын үйлердің тоқтары ажыратылған.
Көптеген кәсіпкерлердің КТП-лары тұрғын үйге баратын ұяшыққа қосылған. Соның салдарынан аталған екі ауылда ұдайы тоқ сөнуі орын алып отырған көрінеді.
«Бүгінгі таңда желіні жаңарту және КТП-ларды уақытылы қарап тұру бойынша жеке кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде»,- әкімдік қызметкерлері .