«Өзенмұнайгаз» АҚ қарасты кен орнында өрт шығып, арнайы техника өртеніп кетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
№3 МГӨБ аумағында болған өрт 23 ақпан күні күндізгі сағат 11 шамасында пайда болған.
«Жаңаөзен қаласынан 15 шақырым қашықтықтағы "Өзенмұнайгаз" АҚ қарасты кен орнында №4391 ұңғымада күрделі жөндеу жүргізу кезінде белгісіз жағдайда өрт шығып, «Өзенмұнайсервис» ЖШС тиесілі ПАП-6085 маркалы арнайы техникасы отқа оранды. Өртке қарсы мемлектетік қызмет шақырылмастан тілсіз жау сағат 11:11 толығымен ауыздықталды. Төтенше жағдайдан құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің себебі анықталуда», - деді МО ТЖД баспасөз қызметіндегілер.
Өртті ауыздықтау үшін ТЖД-нен екі қызметкер мен бір техника, «Семсер өрт сөндіру» мекемесінен бес қызметкер, бір техника және "ҚазГӨЗ" МӨҚҚ 4 қызметкер және 1 техника жіберілген.