Тұңғыш отандық цифрлық оқулықтар платформасы - ұстаздар қауымына ұсынылады, mangystaumedia.kz.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің кезекті отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Оқулықтарды цифрлық форматқа көшіру және оқушы сөмкесінің салмағын жеңілдету» жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында, «Алматыкітап баспасы» тұңғыш «TopIQ» білім беру web-платформасын тиімді пайдаланудың әдіс-тәсілдерімен бөліседі. Осы – интерактивті оқулықтар платформасын жасауға күш салған баспасының техникалық мамандары мен редакторлары, еліміздің барлық өңірлеріндегі ұстаздар қауымына арнап кәсіби семинарлар өткізеді.
Семинардың негізі бөлімі бейне және аудио сүйемелдеумен, «TopIQ.kz» платформасын көпшілікке көрсету арқылы, ауқымды презентация форматында ұсынылады.
2020-2021 қашықтықтан оқыту кезеңінде біздің баспа жасаған цифрлық контент еліміздің көптеген аймақтарында оқу үдерісіне сәтті енгізілді. Тәжірибе көрсеткендей, электронды оқулықтарды пайдалану - оқытушылар мен оқушылар, ата-аналар үшін өте ыңғайлы.