Маңғыстау облысында эклогтар өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы төртжақты меморандумға қол қойды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің басшысы Төкенов Руслан Кәрімұлы, Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақты инспекциясының басшысы Досатов Ғаббас Шанытбайұлы, «EcoJer» қазақстандық экологиялық аймақтық бастамалар қауымдастығының Маңғыстау өңірлік экологиялық кеңесінің төрағасы Қажымұрат Хайрушев және "BAYTAQ" Жасылдар партиясы Маңғыстау облыстық филиалының атынан Зәмзагүл Базарбайқызы қоршаған ортаны қорғау, экологиялық ахуалды жақсарту және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру сияқты бірнеше пунткттен тұратын бірлескен шешімді қабылдады.
Өңір тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және экологиялық ағарту жұмыстарының қажеттілігін сезіне отырып, биоалуантүрлілікті сақтаудың маңыздылығын ескеріп, оның ішінде Маңғыстау облысында сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлерінің және олардың мекендеу ортасының қауіпті жағдайларына кім-кімді де бейжай қалдырмауы тиіс.
Өңірдің экологиялық мәселелеріне алаңдаушылық білдірген тапаптар алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасауға мүдделі болып отыр.