IQanat олимпиадасының республикалық кезеңінің финалисттерін инновациялық мектеп-пансионатқа оқуға қабылдайды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жыл сайын олимпиадаға шамамен 47 мың үміткер қатысып, тек 200 бала IQanat High School of Burabay оқушысы атанады. Қазіргі таңда оқушылыр тек елдегі беделді университеттерде ғана емес, сонымен қатар Аргентина, Америка Құрама Штаттары, Чехия және тағы да басқа шет елдердің білім ордаларында мамандық иесі атануға дайындалып жатыр.
Мектеп балаларға таптырмас мүмкіндік ғана емес, ертеңгі күнге сенім сыйлайды. Мәселен, былтыр IQanat High School of Burabay мектебіне «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен Жаңаөзен қаласынан 50 дарынды оқушы емтихан тапсырып, грант иегері атанды. Қазіргі таңда балалар мектеп өміріне белсенді қатысып, жақсы нәтижелер көрсетуде.
Мысалы, Ұлжас есімді оқушы оқуда ғана озат болмай, Music Band атты музыкалық топта ән шырқайды. Бұл топ балалардың бастамасымен құрылып, жуырда алғашқы концертін ұсынды. Топтағы қатысушылар арасында бұрын сонды музыкалық аспапта ойнамаған, бірақ бір ай көлемінде толық үйренген өнер иелері де бар.
Ал «PR Group» клубында Роман, Әбілмансұр атты жаңаөзендік білім алушылар белсенді. Олар - Instagram парақшасындағы видеоматериалдардың авторлары.
Спорт жағынан да жаңаөзендің оқушылар жақсы нәтижелер көрсетуде. Жақында 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған волейбол турниріне Айдана Қосмағанбетова мен Айжан Асембай қатысты. Қыздар жеңіске барынша атсалысып, үздік ойын өргенін көрсетті.
Айта кетейік, инновациялық мектеп-пансионатта үш тілде оқыту, академиялық білім, спорт және өнер интеграциясы, кәсіптік бағдар мен ЖОО-на дайындық жұмыстары жүргізіледі. Бұл балалардың жан-жақты дамуына үлкен ықпал етіп, септігін тигізеді.
Сонымен қатар мектеп «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы мен «Samruk-Kazyna Trust» қорына серіктестігі үшін үлкен алғыс білдірді.