Маңғыстау облысындағы мектептегі орындардың жетіспеушілігінің негізгі себептері халық санының тез өсуі, урбанизация және ішкі көші-қон себебінен болып отыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2010 жылы Маңғыстау облысының үш ауысымды мектептерінде 7590 бала білім алса, биыл 41 мыңнан астам оқушы оқып жатыр. Облыста барлығы үш ауысымды 15 мектеп жұмыс істейді. Бұл ретте 10 мың оқушыға мектепте орын жетіспейді.
- Тапшылықты түбегейлі шешу үшін, Мемлекет басшысы "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын іске асыруға қолдау көрсетіп, 2030 жылға қарай бір ауысымды оқытуға көшуді қамтамасыз етуді тапсырды. Ұлттық жоба аясында 2025 жылдың соңына дейін 24 мектеп салу жоспарланған. Алайда, жоспар туралы айта отырып, біз әсер ете алмайтын факторлар бар екенін мойындау керек. Бұл құрылыс материалдарының қымбаттауы, логистикалық мәселелер туралы. Қосымша бюджетті сұрау процедуралары да уақыт алады. Сондықтан кез-келген мәселеге барлық нюанстарды зерттей отырып, сындарлы сынмен қарау керек, - деді облыс әкімі.