Қара бура лақап атымен танылған Нұрдәулет Жарылғапов Әлем чеспионатының алғашқы күнінде 100+ келі салмақ дәрежесінде белдесіп, қарсыластарынан үздік шықты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Нұрдәулет алғашқы белдесулерінде әзірбайжандық палуанды және өзбекстандық палуанды жеңіп, ақтық сынға өтті. Ақтық белдесуде Қырғызстан елінің спортшысы Бекболат Токтогоновтан басым түсіп, қазақ күресінен Әлем чемпионы атанды», - деді бапкері Қайрат Бурбасов.
Ал, осы салмақта қола жүлдені Грузия елінің спортшысы (Giorgi CHAGELISHVILI) мен өзбекстандық (Mukhsin KHISOMIDDINOV) алды.
Сондай-ақ Әлем чемпионының бапкері Қайрат Бурбасов ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы атанады.
Үш жас тобын (ересектер, жастар және жасөспірімдер) қамтыған тұңғыш Әлем чемпионатына 40-қа жуық мемлекеттің 350 балуаны қатысып жатыр.
Айта кету керек, Қара бура шілде айында "Қазақстан Барысы" турнирінің күміс жүлдегері атанып, қарашада «Дала қыраны» титулын жеңіп алған.