13 желтоқсан күнгі дерек бойынша ел аумағында вирустан 1 847 адам емделіп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
"Соның ішінде стационарларда 312 , амбулаторияда 1 535 науқас ем-дом алып жүр. Ауыр хәлде – 9 , аса ауыр хәлде – 2 науқас анықталды. ӨЖЖ құрылғысы арқылы 2 науқас тыныстауда", - деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.