Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметі прокуратурамен бірлесіп, Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігіне ауыр зиян келтірген қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ҰҚК-не сілтеме жасап.
Қылмыстық топ ақбөкендердің ірі популяцияларын жоюмен айналысқан.
Олардың қызметінен мемлекетке келтірілген шығын 1 млрд теңгеге бағаланып отыр.
Қылмыстық топ мүшелері деривативтердің ірі партиясын сатпақ болған кезде ұсталды.
Жалпы салмағы 150 келі болатын 526 ақбөкен мүйізі тәркіленді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы (Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шараларының шеңберінде осы іске қатысты өзге де жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.