Делегаттар Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы ТҮРКСОЙ жұмысымен, жастар ұйымдарымен, волонтерлік топтармен, жастарға арналған кәсіпкерлік нысандармен, тарихи мәдени орындармен танысады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Белсенді жастар 4 күн тағылымдамадан өтеді.
Жоба Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың қолдауымен жүзеге асып жатыр. Ал депутаттар тағылымдама бағдарламасын құрып, ұйымдармен байланыс орнатуға мұрындық болды.
Келесі бір топ белсенді жас Әзірбайжан елі мен Алматыға тәжірибе алмасуға барады.