Елбасының "Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа" атты кітабы жарық көрді. Бұл туралы Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
"Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа" кітабында Тұңғыш Президенттің жеке өмірі, екінші әйелі мен екі ұлы туралы ақпарат бар.
Сондай-ақ 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасы, 2019 жылғы билік транзиті және "Қаңтар оқиғасы" туралы да баяндалған.
БАҚ-тағы ақпаратқа сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы ең алдымен саясаткерлер, сапарапшылар мен журналистердің ғана қолына тиген.
Жаңа кітапта екінші отбасы туралы былай делінген:
- Мұсылмандық салт бойынша үйлендік. Әсел маған екі бала – екі ұл сыйлады. 2005 жылы Тауман, 2008 жылы Бәйкен дүниеге келді.