Туризм және спорт министрлігі заңсыз ойын бизнесімен, оның ішінде лицензиясы жоқ букмекерлік кеңселермен және интернет-казинолармен күрестің күшейтілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Министрліктің дерегінше, Қазақстанда казино мен интернет-казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларға заңнамалық лицензияларынсыз ойын бизнесін жарнамалауға қатаң тыйым салынып отыр.
Осыған байланысты ойын бизнесіне бей-жай қарамау мақсатында ел тұрғындарынан белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсетіп, интернет-казинолардың, лицензиясы жоқ букмекерлік кеңселердің және заңсыз құмар ойындар мен бәс тігудің басқа да ұйымдастырушыларының сайттарын анықтаған жағдайда хабарлауды сұрайды. Бұл ретте заңсыз ойындардың URL-сілтемелерді, өзге де фотосуреттер, скриншоттарды көрсетілген электронды жіберулеріңізді өтінеді.