© sputnik.kz
9 желтоқсан күні«Феминита» феминистік бастамасы «Қазақстан әйелдері зорлық-зомбылыққа қарсы!» тақырыбында митинг өткізу туралы хабарлама жіберді. Ақтау, Тараз, Қызылорданың феминистері мен құқық қорғаушылары да хабарлама жіберуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Exclusive.kz сілтеме жасап.
– Жиынның негізгі талабы Қазақстан заңнамасына фемицид қылмысын енгізу және депутаттар төрт жыл бойы жылы жауып қойған тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес туралы заң жобасын қабылдау болмақ. Осы уақытқа дейін бұл заң жобасының қабылданбауы қанымызды қайнатты. Заң шығуы үшін тағы қанша әйел өлуі керек? Тағы қанша қан төгілуі керек?», - деп жазады феминистік бастама өзінің әлеуметтік желісінде.
«Феминита» зорлық-зомбылықтың кез келген түрі үшін жауапкершілікті анықтайтын және «фемицид» терминін енгізетін заңның дереу қабылдануын сұрайды. Бастаманың тең құрылтайшысы Жанар Секербаеваның айтуынша, егер Алматы қаласының әкімдігі митинг өткізуге рұқсат бермесе, сотқа шағымданады.