2023 жылдың 1-қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген тасымалдаушылар үшін жүкті тиегіштермен тасу тоқтатылды. Бұл ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 1 шілдедегі №378 жаңа бұйрығына сәйкес жүзеге аспақ. Жаңа бұйрықтың салдарынан маңғыстаулық жүргізушілер жұмыссыз қалғалы тұр,-деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Жаңа бұйрық бойынша енді жүк тасымалдаушылар бұрынғыша жүкті шекарада емес, Түрікменстан аумағына өз көліктерімен кіріп, қазақстандық тіркегішпен тиеп шығуы тиіс.
Жүргізушілердің айтуынша, бұл құжатбастылық пен шығынға әкеліп, уақыт алады. Сондықтан Бұйрыққа мораторий енгізуді сұрайды.
- Түркмен жүк тіркегішімен тасымал жасауға рұқсат беру керек. Екі ел арасында жасалған халықаралық келісімге қазақ кәсіпкерлерінің мүддесін қорғайтын өзгеріс енгізуді ұсынамыз. Мәселен, біздің өңір арқылы сапалы жолдарымызбен тегін жүреді, арзан жанар-жағар майымызды қолданады. Біз түрікмен көліктерін 100 долларға жалдап тауар алып шығамыз, сосын кері қарай сол транспортты шекараға апарып тастаймыз. Қаншама уақыт, қаншама шығын? Түрікмен прицепімен қазақ жеріне жүргеніміз үшін 30 АЕК, яғни 104 мың төлем жасаймыз. Транспорттарды жаңарту үшін елімізде шығарылмайтын жүк көліктерінен 3-5 жылға дейін түрлі баж, кедендік төлемдерінен босатуды сұраймы,– деді кәсіпкер Марат Найзабеков.
Кәсіпкерлердің проблемасын тыңдауға Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көлік комитетінің басқарма басшылары, Халықаралық автомобиль тасымалдаушылар одағының өкілдері, Маңғыстау облысының көлік прокурорлары, көліктік бақылау инспекциясы мамандары жиналды. Олар мәселені қайта қарауға уәде берді.