Мұзда қауіпсіздік ережелерін сақтамау қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Сондықтан төтенше жағдай департаментінің мамандары жалғыз жүрмеуге және түнде мұзға шықпауға шақырды,-деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Департаменттің хабарламасына сәйкес, су айдынына кеш батқанда және түнде жалғыз шығуға болмайды. Себебі адамға өз бетінше шығу қиын.
Ал, топ болып қозғалса, онда бір-бірінен ара қашықтықты сақтау керек.
- Егер сіздің астыңыздағы мұз жарылып кетсе, сіз сырғанау керексіз. (аяғыңызды мұздан көтермей). Егер, сізде сөмке болса, оны иығыңызға алып жүру керек, тастағанда оңай болады. Адамның қауіпсіз қозғалысы үшін мұздың қалыңдығы кем дегенде 10 сантиметр болуы керек. Егер мұз 5 сантиметрден жұқа болса, онда жүру өте қауіпті. Қазіргі уақытта "Бриз" яхта клубының аумағындағы пирстегі мұздың қалыңдығы 10-12 см, кей жерлерде 15 см. Өзенде мұз таза және мөлдір, көкшіл немесе жасыл реңктері бар, ол жерде мұз берік болады. Теңізде мұз бұлтты түске ие және ол берік емес, өйткені су тұзды. Сондықтан ережелерді сақтайық,-делінген хабарламада.
Айта кетейік, қатты аяз салдарынан Ақтауда бірнеше апта бойы Каспий теңізінің жағалауын қалың мұз басты.
Күн сайын тұрғындар мұзды тамашалуға барып жатыр. Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері мұз айдынында азаматтармен профилактикалық әңгімелесу жүргізіп, жаднамалар мен брошюралар таратуда.