Педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және жоғары жетістіктері бар педагогтерді анықтау мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған облыстық «Тілші мұғалімдер – 2024» облыстық олимпиадасы өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ережеге сәйкес, олимпиадаға еңбек өтілі 5 жылдан кем емес, жалпы білім беру ұйымдарда шығармашылықпен жұмыс жасайтын, аудандық, қалалық кезеңнің 1орын жеңімпаздары және облыстық мектептердің мұғалімдері, барлығы 22 педагог қатысты.
Қатысушылар олимпиаданың бірінші күні – теориялық кезеңде педагогикалық идея, грамматикалық талдау тапсырмалары және эссе жазудан сынға түсті. Екінші күні – практикалық кезеңде мұғалімдер жеребе суыру арқылы анықталған сыныптарға ашық сабақ өткізді.
Жұмыстарды бағалауда олимпиада қатысушылары мен қазылар алқасының мүшелері арасында толық өзара түсіністікке қол жеткізу мақсатында барынша әділдікті қамтамасыз ету үшін қазылар алқасы олимпиадаға қатысушылардың тапсырмаларына талдау жүргізді.
Қазылар алқасының шешімі бойынша әрбір пән бойынша төмендегі жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен және жүлделі орыннан кейінгі жоғары ұпай жинаған мұғалімдер ынталандыру номинациясымен марапатталды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша:
І орын – Амалова Ақжүніс Оспанқызы (Түпқараған ауданының Ғ.Айдаров атындағы №1 мектеп-лицейі);
ІІ орын – Сағынова Жұлдызай Алшынбайқызы (Бейнеу ауданының Ж.Қалдығараев атындағы жалпы білім беретін мектебі);
ІІІ орын – Ерманова Асылай Ізтұрғанқызы (Жаңаөзен қаласының №8 жалпы білім беретін мектебі).
Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша:
І орын – Оразғалиева Гүлмира Колумқызы (Жаңаөзен қаласының №7 жалпы білім беретін мектебі);
ІІ орын – Шанаева Динара Дуйсенбайкызы (Ақтау қаласының №29 жалпы білім беретін мектебі);
ІІІ орын – Исағалиева Жаңагүл Асхатқызы (Қарақия ауданының Қарақұдық жалпы білім беретін мектебі).
Ағылшын тілі пәні бойынша:
І орын – Майланова Жансая Сәуірбайқызы (Жаңаөзен қаласының №13 Дарын мектебі);
ІІ орын – Майлыбаева Гүлсім Айтқалықызы (Ақтау қаласының №19 мектеп-гимназиясы);
ІІІ орын – Құрманова Индира Болатқызы (Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернат).