5 наурызда Жаңаөзен қаласының Бостан шағын ауданында жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz МО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- 2023 жылғы 5 наурызда сағат 12:50 шамасында 102 кезекшінің бөліміне Жаңаөзен қаласының Бостан шағын ауданында жол-көлік оқиғасы туралы шақыру келіп түсті. Жүргізуші "DAF" маркалы жүк көлігін басқара алмай бағана мен мейрамхана қоршауына соғылған. Медициналық тексерістің нәтижесі бойынша жүргізушінің мас болғаны анықталды. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Аталған дерек іс жүргізу шешімін қабылдау үшін әкімшілік сотқа жіберілді,- деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.