Маңғыстау облысы туризм басқармасының басшысы Мәулен Ғабдулқалиев кәсіпкерлік субъектілерінің санитарлық-гигиеналық тораптарды ұстауға арналған шығындары үшін ай сайын 83 300 теңгеге дейін төленетіндігі жөнінде ақпарат берді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ол үшін жол бойында дәретханадан бөлек өзге де сервистік нысандар болуы шарт.
Ең бастысы тораптың мүгедектерге арналған жеке кабиналары, ерлер мен әйелдер стационарлық немесе жылжымалы ғимараты болуы керек.
Сондай-ақ, дәретханалармен, раковиналармен, желдету, жылумен жабдықтау, жарықтандыру жүйелерімен және жеке гигиена құралдарымен жабдықталған болуы шарт.