© Архив
Маңғыстау облысы туризм басқармасының басшысы Мәулен Ғабдулқалиев туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізушінің орнын қоспағанда, сыйымдылығы сегізден астам отыратын орны бар көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігі, яғни 25 пайызы өтелетіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл өз туроператорлар, турагенттер мен гидтер үшін қолайлы үлкен қолдау болмақ.
Туристік қызмет көрсететін көлік құралдарын 5 жыл ішінде мақсатсыз пайдалануға болмайды және субсидия тек турситік қызметке мамандаған нысандарға төленетенін ескерген жөн.
Яғни, осы көлік құралдарын әдеттегі қалалық және қалааралық маршруттарда пайдаланбас үшін субсидия туристік қызметке маманданған кәсіпкерлік нысандарына ғана қолданылады.
-Кәсіпкер субсидиялау бойынша өз өтінімін қағаз немесе электрондық нұсқада Маңғыстау облысының туризм басқармасына жібере алады. Басқарама екі жұмыс күн ішінде өтінімдердің толықтығын қараған соң, комиссия 10 жұмыс күні ішінде құжаттардың талаптарғв сәйкестігін тексереді. Құжаттарды қарау жұмыстары аяқталған соң, басқарма бюджеттік өтінімді 30 наурызға дейін жібереді. Өтем сомасын қаржыландыруды алғаннан кейін, 15 жұмыс күн ішінде кәсіпкерлік өтінімде көрсетілген екінші деңгейлі банктегі (ЕДБ) шотына түседі,-дейді Маңғыстау облысы туризм басқармасының басшысы Мәулен Ғабдулқалиев.