Тексерілу 4 ақпан күні сағат 9:00-13:00 аралығында өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аталған медициналық мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Халықаралық қатерлі ісікке қарсы күрес күні қарсаңында дәрігерлер тұрғындарды мүлдем тегін тексеруден өтуге шақырады.
-Егер сізде қандай да бір шағымдар болса немесе тексеруден өтіп, онкологияны алып тастағыңыз келсе, облыстық онкологиялық диспансердің дәрігерлері тексеруден өтуді ұсынады.
Ескеретін жайт, қатерлі ісіктің көптеген түрлері ерте кезеңде сәтті емделеді.