Маңғыстау облысының денсаулық сақтау саласы 5 жедел жәрдем көлігімен толықты. Оның екеуі медициналық авиация көлігі болса, үшеуі жедел-жәрдем автокөлігі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өңір халқының медициналық шақыртуларын уақтылы жүзеге асыру үшін аймақта барлығы 51 бригада және медициналық авиациясынан 2 бригада қызмет атқарып келеді. Енді олардың қатары 5 жаңа автокөлікпен толығып отыр.
Заманауи автокөліктер науқасқа алғашқы көмек көрсетуге арналған қажетті құралмен-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Көлікте қосымша реанимациялық бағыттағы, яғни, инсульт алғандарға, жүрек талмасына шалдыққандарға жылдам көмек көрсету үшін арнайы медициналық құрал-жабдықтың барлық түрі орнатылған.
Медициналық жедел жәрдем көліктері АҚ «Өнеркәсіпті дамыту қоры» лизингі бойынша 5 жаңа санитарлық автокөлігі сатып алынды.
Аталған жедел-жәрдем машиналары өңір тұрғындарының жедел жәрдем шақыртуларына бөлінді. «Hyundai H-350» маркалы 2 санитарлық автокөлік медавиация бөлімшесіне, «Jac Sanray» маркалы автокөлік Актау бөлімшесіне, Жаңаөзен және Мұнайлы жедел жәрдем бөлімшесіне табысталды.