Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Сергек» бейнебақылау жүйесі орнатылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Сергек» жүйесін орнату ең бірінші кезекте жол-көлік оқиғалары мен жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алады.
Аталған бақылау камералары бүгін, 1 шілдеден бастап іске қосылып, әдеттегідей жұмыс істейді.
Маңғыстау облысының полиция департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын жол ережесін бұзбауға шақырады!