Бүгін Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансерінде күрделі операция сәтті өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Облыстық онкологиялық диспансердің баспасөз қызметінің хабарлауынша, күрделі отаны «ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының» бас онколог дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Назар Сейдалин жасаған.
Орталықтан келген бас онколог көктамырға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін порт жүйелерін имплантациялау бойынша күрделі операция жасады және ауыр жағдайдағы 2 науқасты қабылдап, ақыл-кеңесін берген.
Бұл ота бір жағынан диспансердің онкохирургтары үшін тәжірибе алмасу және шеберлік сыныбы есебінде өтіп, оған облыстық диспансер директорының міндетін атқарушы Талғат Мұқантаев қатысқан.
«Профессор Назар Сейдалин түсқайта «Сүт безі қатерлі ісігі мен меланомадағы қарауыл лимфа түйіндерінің биопсиясы» және «Бауыр мен ұйқы безі ісіктерінің биопсиясы» тақырыптарында тыңдаушыларға семинар өткізген. Оған диспансер дәрігерлері мен оташылар қатысып, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алған.
Мұндай ота онкологиялық диспансерде ертең де болады деп жоспарланып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, бұл жұмыстардың барлығы «ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының күндері» аясында жүзеге асып жатыр.