Қызылөзен ауылында З.Баймырзаев атындағы орта мектепті бітіргеніне 20, 30 жыл толған түлектер ауылға сый тартты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Түлектер ауылдың кіреберісіне «Қызылөзен» жазуымен арка және ауыл ішіне «Қызылөзен» жазуы бар стелла орнатты. Мектеп түлектерінің айтуынша, мектеп бітірген түлектердің соңғы қоңырау қарсаңында қайырымдылық жасауы, мұқтаж жандарға көмектесуі, өз ауылының көркейуіне үлес қосуы дәстүрге айналған.
Өз кезегінде ауыл әкімі Қабылбек Шарипов жыл сайын жалғасатын үрдісті үзбей, туған жерін абаттандырған түлектерге алғысын айтты.
- Бүгінде ауылымызды көркейтуге мектепті әр жылдары бітірген түлектер жақсы атсалысып жүр. Осындай ауыл тұрғындарының игі бастамасы көпшілікке үлгі болары сөзсіз, - дейді ауыл әкімі Қабылбек Шарипов.