28 маусымда Каспий теңізі жағасындағы демалыс орнында 2 өлі итбалықтың табылғаны туралы ақпарат жарияланды. Алайда мамандар болжамды жерде итбалықтардың өлексесін таппағанын айтады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
29 маусым күні таңертең жергілікті балық инспекциясы басқармасы, экология департаменті, ветеринарлық қызмет және Қазгидромет қызметкерлері болжамды орынға шықты. Алайда, аталған жерде итбалықтардың өлекселері табылмады, бұл туралы тиісті акт жасалды.
Бүгінгі таңда облыстық балық инспекциясы басқармасының инспекторлары итбалық өлекселерін анықтау мақсатында Каспий теңізінің жағалауына мониторинг жүргізуді жалғастыруда.