Ақтауда «Маңғыстау Арена» спорт кешенінде базарда жұмыс істейтін жастар арасында шағын футболдан «Теңбіл доп» атты жарыс өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қоғамдық коммуникация орталығының хабарлауынша, іс-шараның мақсаты — жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
- Жарыс өңірде алғаш рет өтіп жатыр. Қала бойынша 6 базар қызметкерлерінен құрылған команда өзара тартысты ойын өткізді. Алдағы уақытта бұл турнирді облыстық деңгейде ұйымдастыру жоспарланған,-дейді облыстық Жастар орталығының ақпарат бөлім басшысы Тілекқабыл Файзуллин.
Нұрбол Назаров — 27 жаста. Ол бүгінгі жарыста «Nazar Stroi» командасында өнер көрсетті.
- Өте жақсы ойын болды. Қарсыластарымыз да мықты дайындықпен келген. Бірінші турда 4-1 есебімен ұттық. Бастамасы өте жақсы. Мұндай жарыстар көптеп ұйымдастырылғаны дұрыс. Жарыс өтеді деген күннен бастап, бірден жаттығуға кірістік. Яғни командамызбен бірге салауатты өмір салтын ұстанып, ұдайы түрде спортпен шұғылданып жүрміз,-дейді Нұрбол Назаров.
Жеңімпаздар тізімі:
????Бас жүлдені «Масат» базарының жастары алды.
????2-орынды «Сак» базарының жастары иеленді.
????3-орынға «Мағаш» базарының жастары ие болды.