Маңғыстау аудандық Шоқыр Бөлтекұлы атындағы балалар мен жасөспірім спорт мектебінің жаңа басшысы болып Айбек Жанболатұлы тағайындалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Айбек Жанболатұлы білімі жоғары, Шымкент қаласы «Аймақтық, әлеуметтік-инновациялық» университеті дене шынықтыру және спорт мамандығын бітірген.
Ол еңбек жолын 2014-2017 жылдары Маңғыстау облыстық Самбо федерациясына самбо бөлімінен аға-жаттықтырушы ретінде бастаған.
2017-2021 жылдары Маңғыстау облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің самбо бөлімінен жаттықтырушы-мұғалім қызметін атқарды.
2021-2022 жылдары Ақтау қалалық теннис бойынша БЖСМ «КММ-сі» самбо бөлімінен жаттықтырушы-мұғалім жұмысын жасады.
2022-2023 жылдары Маңғыстау облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің самбо бөлімінен жаттықтырушы-мұғалім болды.
2018-2024 жылдары Маңғыстау облыстық самбо федерациясының вице-президенті лауазымында қызмет етті.
Айбек Жанболатұлы - дзюдо және самбо күресінен Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер, жекпе-жек спорт түрінен ҚР спорт шебері, самбо күресінен халықаралық дәрежедегі төреші. 2020 жылы Ақтау қаласы әкімінің алғыс хатымен, 2021 жылы Ақтау қаласы әкімінің «Құрмет грамотасымен», 2022 жылы Маңғыстау облысы әкімінің алғыс хатымен, 2023 жылы Маңғыстау облысы әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 2023 жылы ҚР Самбо федерациясының «Самбо саңлағы» орденінің иегері атанды.