© knews.kg
Ақтауда 9, 34, 16-шағын аудан тұрғындары үйлерінде ауыз су жоғына наразылығын білдірді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«9 шағынаудандағы 28-үйде, 34-шағынаудандағы 17-үйде, 16-шағынаудандағы 57-үйде неге су жоқ? Су қашан беріледі?», - деді облыс әкімдігінің телеграм арнасына сауалын жолдаған тұрғындар.
Каспий жылу, су арнасы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысының міндетін атқарушы Ислам Үсенов “ОСЖТ-4” резервуарларындағы суды бір қалыпта ұстап тұру үшін ауыз су қысымы уақытша төмендегенін, қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Айта кетейік, тұрғындар тек ауыз су емес, техникалық су да берілмей жатқанын айтады.