Басқұдық ауылының тұрғыны көшесінде 18 жылдан бері асфальт жолы жоғын айтып, шағымын жеткізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облысы әкімдігінің телеграм арнасына өз шағымын жолдаған ауыл тұрғыны бұдан бөлек электр желісі мен ауыз су мәселесі барын да айтты.
Ауыл тұрғынына жауап берген Басқұдық ауылдық округінің әкімдігі биыл «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында 5,3 км асфальт төселгенін хабарлады.
«Басқұдық ауылдық округі бойынша 19,5 км асфальт төсеуге бастапқы қаражаты бөлінді. Мердігер мекеме анықталды. Осы жылы Маржан, Болашақ, Жаңа қоныс және Рахат тұрғын үй алабы көшелеріне грейдер төсеу жұмыстарын жүргізу үшін конкурс жаряланды. Электр энергиясы қуаттылығын артыру мақсатында 2 жоғарғы кернеулі қосалқы шағын станция салу үшін жоба дайындалып, мемлекеттік сараптамаға жолданды. Сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін қаражат бөлуге ұсыныс беріледі, - дейді Басқұдық ауылдық әкімдігінің баспасөз қызметі.