Облысымызда жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды және борышкерлерді дер кезінде анықтау мақсатында биыл тамыз айында іске қосылған “Қорғау — қауіпті жүргізуші” бағдарламасы оң нәтижелер беріп жатыр. “Құқықтық тәртіп” республикалық кең ауқымды операциясы аясында өткізілген рейдтік іс-шара барысында бағдарламаның көмегімен бір күнде 20-ға жуық автокөлік айыптұраққа жабылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz өңірдің ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, “Қорғау — қауіпті жүргізуші” бағдарламасы облыс бойынша Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданында жұмыс істеп тұр.
Бағдарлама көшедегі бейнебақылау камераларының деректерін талдай отырып, жақын маңдағы полиция қызметкерінің қызметтік планшетіне қауіпті жүргізуші туралы сигнал береді.
Құқық бұзушылардың басым бөлігі міндетті сақтандыру құжатынсыз жүргені үшін ҚР ӘҚБтК-тің 230-бабымен жауапкершілікке тартылды.
Қосымшаның көмегімен айыппұл төлеуден жалтарып жүрген бірқатар борышкер тоқтатылды.
Бүгінгі таңда аталған қосымша патрульдік полицейлердің 275 қызметтік планшеттерінде орнатылып, барлығы 2514 бағыттама тіркелген.
Маңғыстау облысы полиция департаменті жүргізушілерді құқық бұзушылықтарға жол бермеуге және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.