Бүгін сағат 11:00 шамасында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері патрульдеу барысында көліктің әйел адамды соғып кеткеніне куә болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 13 және 14 шағын аудандар арасындағы автомобиль жолындағы реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде болған.
1967 жылы туған зардап шеккен адамның екі аяқ-қолы сынған. Әйел ауруханаға жатудан бас тартты. Облыстық аурухананың дәрігерлері гипс салып, үйіне жіберген. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.