Ақтаудағы автомобиль жолдарына 2500 м2 шұңқырлы жөндеу жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мына мекен-жайлар бойынша шұрық-тесік жолдар жөнделген:
-№16 автомобиль жолы, 10 және 11 шағын аудан аралығы;
-24 және 26 шағын аудан аралығы;
-28а және 26 шағын аудан аралығы;
-21Б автомобиль жолы, қалалық прокуратурадан «Бекет ата» мешітіне дейінгі аумақ.
-Шұңқырлы жөндеу жұмыстары құрылыс нормаларына сәйкес, яғни шұңқырларды кесіп, асфальт төсеу арқылы жүргізілуде. Қазіргі таңда қаладағы автомобиль жолдарына 2500 м2 асфальт төселді. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін жалғасады, - деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асхат Нұрмұхан.