Маңғыстау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің ақпаратына сәйкес 3 наурыз күні таңертеңнен сағат 16.30-ға дейін Маңғыстау облысы бойынша банкроттық жариялауға 34 адам өтінім берген, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Халыққа қызмет көрсету орталығында банкроттық жариялауға өтініш беруге келгендер қарасы қалың. Соның бірі Айболған Абдуллаева «Бірінші кредитті бюродан» несилеріне байланысты ақпаратын алып, egov.kz порталы арқылы өтініш берді.
- Былтыр денсаулығым нашарлап, жұмыстан шықтым. Содан жылдам ақша алдым. Оны төлеу үшін тағы біреуін алдым. Оны да төлей алмай бірінен-соң бірін ала бердім. 1 мүгедек бала бағып отырған үш балалы анамын. Қазір де денсаулығыма байланысты ота жасатайын деп отырмын. Әзірге жұмысқа жарамаймын. Сондықтан банкроттық жариялау туралы өтініш бердім, - дейді Мұнайлы ауданының тұрғыны Айболған Абдуллаева.
Енді азаматша 15 жұмыс күнінің ішінде өтінішіне жауап алады.
Махаббат Нұржанқызы