Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай 8-наурыз күні Ақтау қаласынан Мұнайлы және Түпқараған аудандарына қатынайтын қоғамдық көліктерде әйелдер қауымына жол жүру тегін болады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«№103, №104, №105, №106, №107, «Ақтау-Қызылтөбе-2-Ақтау», «Ақтау-Батыр-Ақтау», «Ақтау-Ақшұқыр-Ақтау», «Ақтау-Сайын Шапағатов-Ақтау» бағыттарындағы қоғамдық көліктерінде қыз-келіншектерге, аналарға, әжелерге, яғни барлық әйелдер қауымына жол жүру тегін болатынын хабарлаймыз», - делінген Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөзінде.