«Батыс» ӨңҚ қарасты Жаңаөзендегі 5548 әскери бөлімінде үздік офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін мадақтау кеші өткізілді деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шарада 2023 жылдың І жартыжылдығында абыройлы қызметімен көзге түсіп, жұмысын жоғары деңгейде атқарған әскери қызметшілердің еңбегі еленіп, марапатталды. Мерекелік жиын басында әскери бөлім командирі подполковник Санат Табетов құттықтау сөзін сөйлеп, материалдық және техникалық қамтамасыз ету ротасының командирі аға лейтенант Өмірбек Жиентаев та өз тілегін арнады. Сондай-ақ, ТжӘҚЖ бойынша бөлім командирінің орынбасары подполковник Руслан Бөлегенов жылы лебіздерге қосылып, қызметшілерге еңбекте табысты болуды тіледі.
Абыройлы қызметі үшін марапат алғандар қатарында тәрбие және әлеуметтік жұмыстар бөлімше бастығының аға көмекшісі Мерет Табынбай, қару-жарақ оқ-дәрілер қоймасының аға маманы 3 класс сержанты Тимур Рахметов және взвод сержанты Нұрболат Қалбырбек болды.
Бұдан бөлек офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер мақтау қағазымен марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды. Іс-шара аясында әскери қызметші отбасылары да назардан тыс қалмады.