Қазір Ақтау қаласы шетелдік туристер арасында үлкен сұранысқа ие. Бұған Қазақстанның басқа қалаларынан да, көршілес елдерден де жазғы маусымды ерте брондау туралы өтініштердің санының көбеюі дәлел, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мәселен, ресейлік туроператорлар Қазақстандағы Каспий теңізінің жағасында орналасқан Ақтау қаласына турлардың сатылымын ашып қойған.
“Ерте брондау науқанына жақсы жеңілдіктермен сіз «барлығы қосылған» жүйесі бар танымал Rixos Aktau қонақ үй кешеніне жазғы турларды сатып ала аласыз». Шетелдік ақпарат сайттарында осындай айдармен мақалалар шыға бастады.
Ақтауда 2022 жылғы жаз туризм тұрғысынан сәтті болды, сондықтан туроператорлар 2023 жылдың жазғы маусымында сұраныстың артатынын күтуде.
«Каспий жағалауындағы Ақтауда демалудың жақсы жақтары бар: Ақтауға жету көп уақыт алмайды (Мәскеуден үш сағаттай), әдемі жағалау, таза ауа. Жазда Каспий теңізі, мысалы, Түркия мен Египеттегідей ыстық емес, бұл кішкентай балалары бар отбасылар үшін жақсы болады. Жергілікті тұрғындар туристерге мейірімді және барлық жағынан көмектесуге тырысады. Мұнда әдемі безендірілген көшелер мен көптеген кафелер мен мейрамханалар бар. Онда ұлттық тағамдары мен қолайлы бағалар бар, - дейді шетелдік туроператорлар.
Қаланың және халықаралық әуежайдың орналасуы әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді қабылдауға мүмкіндік береді. Мәскеуден Ақтауға блоктық тасымалдау 28 сәуірде, Казаннан - 29 сәуірден, Екатеринбургтен - 30 сәуірден басталады. Осы үш қаладан да рейстер аптасына екі рет орындалатын болады.