6 наурызда облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау облысындағы филиалында болды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы - мемлекеттік қызметшілерді оқыту, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды қамтамасыз ететін елдегі жалғыз жоғары оқу орны.
Академия филиалының мақсаты - Маңғыстау облысында оқшауланған құрылымдық бөлімше ретінде академияның функцияларын жүзеге асыру, мүдделерін білдіру және қорғау болып отыр.
2022 жылы 147 мемлекеттік қызметші қайта даярлау курстарынан, 525 адам біліктілігін арттыру семинарларынан өтті. Сондай-ақ 1 020 квазимемлекеттік сектор мен мемлекеттік қызметші оқытылды. Бүгінгі таңда облыста 243 мемлекеттік орган жұмыс істейді. Онда 2 453-ден астам адам қызмет етеді, оның ішінде жергілікті атқарушы органда 1 260 мемлекеттік қызмет жұмыс істейді, оның 687-і (54,5) - әйел.
– Қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өткен мемлекеттік қызметшілер білімін жетілдіріп, қабылдаған шешімдерінің тиімділігі бағытында жұмыс істеп жүр. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, мемлекеттік қызметкерлер арасында әйелдер көп. Бұл көрсеткіш Қазақстанда гендерлік саясаттың заңнамалық деңгейде, іс жүзінде де орындалып жатқанын білдіреді. Бұл сіздердің қайсарлық пен шешімдерге беріктігіңіздің жемісі», – деді Нұрлан Ноғаев.