Бұл жөнінде Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Президенттің Жарлығына сәйкес биылғы жылдың бірінші наурызынан бастап мерзімді әскери қызметке көктемгі шақыру басталады. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдардың шақыру пункттерінде 195 қалалық және аудандық шақыру комиссияларының жұмысы ұйымдастырылды.
Осы жылдың көктемінде барлығы 18 мыңнан астам адам, оның ішінде Қарулы күштерге 7 мыңнан астам адам, Ұлттық ұланға – 6 мыңнан аса, ҰҚК Шекара қызметіне – 3 мыңнан астам, Төтенше жағдайлар министрлігіне – 300, Мемлекеттік күзет қызметіне – 80-ге тарта адам шақырылады.