Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің әр текті кемелер дивизионының экипаждары Каспий теңізінің қазақстандық секторында К-2 курстық тапсырмаларды пысықтауды аяқтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме бере отырып.
Екі апта бойы зымыранды-артиллериялық корабльдер ұрысқа кемелерді және оның қару-жарағын қолдануды, бір корабльдің жауынгерлік іс-қимыл тактикасын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар кешенін орындады.
– Әскери-теңіз күштерінде курстық тапсырманы пысықтау – корабльдерді даярлау бағдарламасының маңызды кезеңі. Экипаждармен сабақтар ұдайы өткізіліп тұрады. Сонымен қатар әрбір әскери кеменің жорыққа дайындалудың өзіндік ерекшеліктері бар, – деп түсіндірді «Қазақстан» зымыранды-артиллериялық кораблінің командирі, 3-дәрежелі капитан Руслан Яхьяров.
Оқу-жауынгерлік іс-қимылдар теңіз ұрысының элементтерін, оның ішінде жау күштері мен құралдарына белсенді радиоэлектрондық қарсы іс-қимыл жағдайын орындауы да қамтылды. Әскери теңізшілер сондай-ақ, құтқару құрылғылары мен құралдарын қолдана отырып, бір корабльді құтқару жаттығуын өткізді. Оқу-жаттығу барысында діттеген мақсатқа қол жеткізілді.