• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сейсенбi, 25 Маус. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Қарақияда мемлекеттік қызметкер конкурссыз қабылданды...

Маңғыстаулық 60-қа жуық оқушы "IQanat" финалына бара жатыр...

Қарақияда 29 түлекке «Алтын белгі» мен «Үздік Аттестат» табысталды...

Бейнеуде «Алтын белгі» иегерлері марапатталды...

Маңғыстаудағы білім ордасы ең үздік ауыл мектептерінің қатарына қосылды...

  • USD: 465.28 ₸
  • EUR: 499.2 ₸
  • RUB: 5.33 ₸

Қиындық тек мықтыларға беріледі

[ 2023 ] 21 қараша, 12:12  |  Маңғыстау жаңалықтары

Тағдырдың жазуына бой бермей, дүниенің тетігіне кірпіш болып қалана білген адамдар көп. Бойда қан, жүректе намыс пен мейірімділік, жігер барда пенде шіркін жасымайды. Осы тұста біз үстел теннисінен Қазақстанның үш дүркін чемпионы Мейірбек Ілесбайұлы жайлы жазуды жөн көрдік. Ол - аймақтың атынан үстел теннисінен пара Азия ойындарына қатысқан алғашқы маңғыстаулық.

Мейірбек қазір Ақтау қалалық мәслихатының депутаты. Көтеріп жүрген негізгі мәселесі – мүмкіндігі шектеулі жандардың спортпен айналысуы үшін дұрыс жағдайдың жасалуы. Ол бұл мәселелерді не үшін көтеріп жүр? Қиын кезде тағдырдың қиындығына мойымай, қалай төтеп бере алды? Бәрін басынан бастайық.

Мейірбек 1990 жылы дүниеге келген. 2007 жылы мектепті тәмамдаған соң М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Ақтау қаласындағы колледжіне оқуға түседі. Теміржол саласының мамандығын алып шыққан соң, 2011 жылы поезд құрастырушы маман болып жұмысқа орналасады. Үйленіп, екі ұлды болады.

Мейірбек үшін екінші өмір 2012 жылдың қараша айында басталады. Рельс астына түсіп қалған ол сол қолы мен аяғынан айырылады.

- Сау жүрген кезім мен мүгедектік арбасына таңылған кез – екеуі екі өмір дер едім. Оқыс оқиғадан соң 10-15 күндей Ақтау қаласында ауруханада жаттым. Сосын мені санавиациямен Астанаға жөнелтті. Біраз ем қабылдап, Ақтауға оралдым. Протез салдыруға алғаш рет 2014 жылы Алматыға бардым. Сол жерде жағдайлары менен де мүшкіл адамдарды көріп, мен тәубаға келдім, сабақ алдым. Протез алуға келмес бұрын, үйде отырып өзімді жегідей жей беретінмін, ендігі өмірімді елестете алмайтынмын. Алматыға барған сапардан соң Ақтауға жаңа көзқарас, жаңа мақсаттармен оралдым, - дейді Мейірбек.

Ақтауға келген соң мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубын іздестіре бастайды. 2017 жылдан бастап спортқа бет бұрады. Алғашында Нұрбек Қожабеков бапкері болып, жеңіл атлетиканының қыр-сырын үйретеді. Атырау қаласына спартакиадаға аттанады. Бапкерінің кеңесімен үстел теннисімен де айналыса бастайды. Үстел теннисі жарысына да қатысқан Мейірбек жанына осы саланың жақын екенін түсінеді.

-6 жылдай кәсіби түрде үстел теннисімен айналысып келемін. Қазір Ақтау қалалық мәслихатының депутатымын. Негізгі бағдарламам – мүмкіндігі шектеулі жандардың спортпен айналысуына жағдай жасау. Азия ойындарынан келген соң облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қабылдауында болдық. Сол кезде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт зал мәселесін қозғадық. Негізі бізге 27 шағын аудандағы №16 мектептің ғимараты жанынан ангарный клуб салып берген. Ол жерде мүмкіндігі шектеулі жандар түрлі спорт түрімен айналысатындықтан, тарлық етуде. Сондықтан жеңіл атлетикаға қатысатындар «Каспий» спорт клубына барып дайындалып жүр. Зіл темірші спортшылар болса «Маңғыстау Аренаға» дайындалуға кетеді. Айтарым, облыстағы мүмкіндігі шектеулі жандарға әмбебап спортзалы қажет. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт түрінің барлығын бір жерге шоғырландыру қажет деп санаймын. Аймақ басшысы ұсынысымызды тыңдап, көмек болатынын жеткізді, - дейді ол.

Оның айтуынша, көшедегі билбордтарда да түрлі салада жетістікке жеткен мүмкіндігі шектеулі жандарды көбірек насихаттау қажет. Себебі, мұндай насихат осындай жағдайға түскен жандарға жарық сәуле, демеу, алға жылжуға себеп болады.

-Тағдырдың сынына түскен жандар қоғаммен араласудан қорықпаулары керек. Бір мысал айтып өтейін, Астанадан ем қабылдап келген соң бірде жұбайыммен базарға бардық. Жұбайым бір жұмыстарымен бірер минутқа кетіп, мен оны күтіп тұрсам бір адам келіп 50 теңге ұстатты. Мен ол жерде садақа тілеп емес, адам күтіп тұрғанымды қайдан білсін, көзіме жас келді. Әйеліме дереу телефон соғып, «тез шық» деп, киім де алмастан базардан кетіп қалғанмын. Сол күні көп ойландым. Өзімді тағы да қамшылауға, жігер беруге тура келді. Қазір сондай жағдайлар болмайды емес болады, егер маған көшеде біреу тиын берсе, күліп кете беретін болдым. Мен енді өзгелерге күш-жігер беріп, мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғаммен араласуына себеп болғым келеді. Қазір мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғамның көзқарасы да өзгеріп келеді. Себебі, ешкім білмейді, алда не күтіп тұрғанын. Әлі бапкер емеспін, оқуымды тәмамдап дипломымды қолға алсам, спортшыларды түрлі ойындарға дайындағым келеді, - дейді Мейірбек.

Тағдыр сынына мойымаған Мейірбек осы оқиғадан соң тағы да екі ұлды болды. Қазір ата-анасы Мейірбектің қолында, төрт ұлына тәрбие беріп отырған үлгілі әке.

Кәмшат СӘРСЕНБАЕВА

452
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау жаңалықтары
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Ақтаудағы 20 мектепте бірнеше оқу кабинеті заманауи құрал-жабдықтармен қамтылды

Келесі жаңалық

Бейнеу - Шалқар бағытындағы жолға 196 млн теңге бөлінеді

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    «Маңғыстау Медиа» ЖШС-нің жаңа ғимараты ашылды

    [ 2021 ] 29 маусым, 14:20
    4175

    Тамара Асар ЭКСПО-ға шақырады!

    [ 2017 ] 12 шілде, 10:07
    4367

    ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілер қалай іріктелініп алынды?

    [ 2017 ] 14 маусым, 05:26
    4035

    "Ралли Қазақстан-2017" 4-кезең! Маңғыстаулық Юрий Сазонов нәтижесін жақсартты!

    [ 2017 ] 25 мамыр, 05:54
    3360

    "РАЛЛИ ҚАЗАҚСТАН-2017" Тартысқа толы ІІ этап (ФОТО)

    [ 2017 ] 23 мамыр, 05:59
    3369

    Ақтауда Ралли рейд Әлем Кубогының I этабы аяқталды (ФОТО, ВИДЕО)

    [ 2017 ] 21 мамыр, 16:07
    4326

    Рубрикалар

      ҚоғамҚазақстан жаңалықтарыРедакция газеттеріТағайындауКомплаенсЭкономикаРухани жаңғыруМаңғыстау

    Автордың басқа да жазбалары

    Ақтау өмір сүру сапасы бойынша көшбасшы қалалар қатарына кірді

    Бүгін 15:45
    55

    Маңғыстауда өзге өңірлердің оқушыларына экспедиция ұйымдастырылды

    Бүгін 15:07
    51

    Ақтаулық Бейбіт Жұқаев «Уимблдон» турнирінің іріктеу бәсекесін сәтті бастады

    Бүгін 14:15
    51

    Жаңаөзен ауруханасы бітіруші түлектерді жұмысқа қабылдайды

    Бүгін 13:30
    68

    Елімізде жұмыс бір сағатқа ерте басталуы мүмкін

    Бүгін 13:14
    186

    Франциялық саяхатшылар Маңғыстаудың дәстүрлі тойында қонақ болды

    Бүгін 11:59
    85

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»