Жаңаөзен көпбейінді ауруханасы медицина саласын бітірген түлектерді жұмысқа қабылдайды. Бұл туралы аурухананың бас дәрігері Берік Жәнібекұлы айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бас дәрігер Ербол Жәнібекұлының айтуынша, ауруханаға реаниматолог, хирург, неонатолог, инфекционист дәрігерлер мен педиатр керек. Осыған орай аурухана басшылығы бітіруші түлектерді жұмысқа шақырады. Сонымен қатар әкімшілік тарапынан тұрғын үй қарастырылатынын да тілге тиек етті. Жұмысқа орналасқан соң жас мамандар арнайы семинарларға, оқыту курстарынан өтеді, білікті дәрігерлермен жұмыс істеп, тәжірибесін арттырады.
Жалпы Жаңаөзен көпбейінді ауруханасы 360 төсек орынға арналған. Мұнда 17 000-нан астам адам емделеді, 5 000-нан аса операция болады. 4 000-нан аса сәби дүниеге келеді.